Текст
12 акпанда №1 Балкашин орта мектебінде «Тіл дарыны» атты аудандык байкауы өтті. Бұл байкауға аудан оқушылары қатысты. Оқушылар бұл байқауда өздерінің шеберлігі мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылым дағдыларын, сонымен қатар тарих пен әдебиеттен білімдерін көрсетті. Оқушылар әжептәуір қиын тапсырмалардан абыржыған жоқ: үш тілде мақалдар, диалог,өлең шығару және тағы басқалары.
«Тіл дарыны» аудандық байқауында Максимовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шулепова Любовь 1 орынға ие болды. Әрине жеңіс оңай келген жоқ, бірақ қажырлы еңбекпен жүлделі орынды алу және естелік сыйлық пен құрмет грамотасының иегері болу өте жағымды.