Көрсетілетін қызмет нысаны: электронды / қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
- веб-портал (Электронды үкімет) www.egov.kz;
- көрсетілетін қызметті беруші.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 1 жұмыс күні;
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына күндізгі оқу нысанына қабылдау үшін күнтізбелік жылдың 31 тамызынан кешіктірмей;
- 1 сыныпқа ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
- осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және баланы "Сандықтаус бойынша білім бөлімінің Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-не қабылдау туралы хабарлама
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар да тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
- шетелдік – шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты;
- азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ туралы куәлігі;
- босқын – босқын куәлігі;
- пана іздеген адам - пана іздеген адамның куәлігі;
- қандас - қандас куәлігі.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Максимовка ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі, 37 тел: 8 (71640) 97417.
Ольга Филипповна Андреева, "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ басшысы