Көрсетілетін қызмет нысаны: электронды / қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
- веб - портал (Электронды үкімет) www.egov.kz;
- көрсетілетін қызметті беруші.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 1 жұмыс күні;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
- осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-не баланы қабылдау туралы хабарлама беру.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. 1-қосымшаның нысанына сәйкес ата-аналардың өтініші;
2. үйде оқыту бойынша ұсынысы бар дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Максимовка ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі, 37 тел: 8 (71640) 97417.
Ольга Филипповна Андреева,"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ басшысы