Ақмола облысында 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар республикалық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өтті.
Солодилов Захар "Максимовка ауылының жалпы білім беру мектебінің" оқушысы 1 орын алды, бұл мектептің, мұғалімдер ұжымының үлкен көрсеткіші.
Байқаудың негізгі мақсаты зерттеу дағдыларын жетілдіру және зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы бастауыш және орта сынып оқушылары тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, ерте мектеп жасынан бастап оқушылардың зияткерлік шығармашылығын дамыту, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін одан әрі дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Байқауға 437 зерттеу жобасы ұсынылды, оның ішінде 220 зерттеу жобасы сараптамадан өтті. Облыстық кезеңге 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан 236 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар әр секция бойынша оқушылардың екі жас тобында (2-4 және 5-7 сыныптар) анықталды.
Конкурс қорытындысы бойынша 29 қатысушы І дәрежелі дипломдармен, 50 қатысушы ІІ дәрежелі дипломдармен, 77 қатысушы ІІІ дәрежелі дипломдармен, 19 қатысушы грамотамен марапатталды.