«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Максимовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Максимовка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қарлығаш" қазақ тілі лингвистикалық лагері

20.08.2025

Бүгін "Қарлығаш" лагерінде қазақтың ұлттық ойындары күні өткізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен ұлттық ойындармен танысты. Ең алдымен олар қазақ халқының зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ ойынын үйреніп, ойнап көрді. Балаларға бұл ойын ерекше ұнады, олар өзара жарысып, ойлау қабілеттерін шыңдады.
Сонымен қатар балалар «Қыз қуу» («Догони девочку») және «Бәйге» ойындарын ойнап, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Әр ойын көңілді әрі әсерлі өтті, балалар бір-бірін қолдап, жарыс барысында қуанышқа бөленді.
Соңында дәстүрлі ұлттық тағам – бауырсақтан дәм татып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Осылайша, бүгінгі күн балалардың ұлттық дәстүр мен мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, достық қарым-қатынастарын нығайтты.

Просмотров: 46


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст