Текст
Мамандық таңдау жас кезінде шешілуі керек негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Кәсіптік бағдар беру шаралары осы мәселені шешуге көмектеседі. 8, 9 сыныптар үшін Каменка а. және Красный Яр а. колледж өкілдерімен кездесу өтті. Оқушыларға материалдық қамтамасыз ету, оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі және оларды тапсыру мерзімі туралы айтылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.